Өзбекстанға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешеніндегі көрмелер мен Шығыс базарын аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мәңгілік қала" кешенінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің атынан ШЫҰ саммитіне қатысушыларды қабылдау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татып, қаланы аралаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!