Биыл 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің хатына байланысты 3-4 шілдеде Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, - деп жазылған қалалық білім басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұл күндері елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
"Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады", - деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!