- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШЫҰ-ның қолдау көрсетуімен...
ШЫҰ-ның қолдау көрсетуімен Астанада шамамен 100 млн юань көлемінде инновациялық қор құрылады
ШЫҰ-ның қолдауымен Астанада инновациялық қор құрылады, деп хабарлады «New Euro-Asia Group» (ҚХР) холдингінің бас директоры Сунь Ли меморандумға қол қою барысында.
«Шамамен 100-ден астам қытайлық технопарктер көрме аяқталғаннан кейін құрылатын, Астанадағы «жасыл» технологиялардың халықаралық орталығын құруға қатысуға және қолдауға шақырылды. Біз барынша қызығушылық танытқан технопарктерді шақыруды жоспарлаудамыз. Инновациялар - бұл адамзат дамуының рухы мен әр елдің даму рухы. Біздің мақсатымыз - бұл павильонды толтыруға инновациялық құрамдас бөлікті тарту ғана емес, сонымен қатар ЭКСПО-2017-ден кейінгі кезеңдегі осы құрамдас бөлікті одан әрі дамыту», - деді С. Ли.
Оның айтуынша, ШЫҰ хатшылығының павильонына 120 шаршы метр орын бөлінген.
Сонымен қатар, Сунь Ли «ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталғаннан кейін Инновациялық қордың пайда болатындығын айтып өтті және де оның халықтық, үкіметтік емес және нарық заңына бағынатын болатындығын хабарлады.
«ШЫҰ қолдауына ие болып, қазіргі күні біз ШЫҰ халықтық өзара әрекеттестік платформасын құрудамыз. Ол негізгі екі блокқа бөлінеді. Біріншісі - зертханалық орталық, ал екіншісі - басқа бірқатар қорларға бөлінетін және инновациялық сала аясында инвестициялық қызметпен айналысатын «Жібек жолы». Қордың жалпы көлемі шамамен 100 млн юаньды құрайтын болады, келешекте ол 1 млрд юаньға дейін өсетін болады», - деді ол.
Еске сала кетейік, Астанада G-Global халықаралық хатшылығы, «Еуразиялық жаңа холдинг» ЖШҚ және «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.
Дереккөз: primeminister.kz