- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шырылдаған үні құлағымыздан...
"Шырылдаған үні құлағымыздан әлі кетпей тұр". Шуда жасөспірім иттерге таланып қалған
Шу қаласында №40 мектептің маңында жасөспірім қызды қаңғыбас иттер талап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар қараусыз жүрген иттерден қызды әзер құтқарып қалған. Қан-жоса болған жасөспірім қатты қорқып қалған. Оны жақындары дереу ауруханаға жеткізген.
Қазір жасөспірім қыздың жағдайы тұрақты. Оған дер кезінде тиісті медициналық көмек көрсетілді.
"4-5 ит жабылып талап жатқанын көріп араша түстік. Кішкентай қыздың шырылдаған үні құлағымыздан әлі кетпей тұр. Бұл не масқара? Тиісті органдар қаңғыбас иттерді аулап, әлі күнге бір шара қолдана алмай отырғаны қалай?" - дейді осы оқиғаға куә болғандар.
Сәния есімді қала тұрғыны орталық базарда да қаңғыбас иттер қаптап жүретінін айтты.
"Бұл мәселені бұлай қалдыруға болмайды. Өз әріптестерімді аудандағы қаңғыбас иттерді аулап, оқшаулау жұмыстары бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуге шақырамын", - дейді Шу аудандық мәслихатының депутаты Ержан Қаршығабеков.
А.Сырымбет
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz