- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шынын айтқанда, қыс...
Шынын айтқанда, қыс қиын болады - Зеленский
Украинадағы жағдай әлі тұрақтанбады. Кейінгі тәулікте Харьковқа соққы жасалды. Ал президент Владимир Зеленский алда қыс қатты болатынын мәлімдеді. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі жағдайларға шолу жасады.
Харьковқа соққы жасалды: қалада өрт шықты
Ресей тарапы 6 қазанға қараған түні Харьковқа соққы жасады. Шабуыл салдарынан өрт шықты. Бұл туралы қала әкімі Игорь Терехов хабарлады.
"Жау Харьковтың Славян ауданындағы инфрақұрылым нысанына соққы жасады. Қазір оқиға орнында өрт шықты", - деп жазды ол.
Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
#Kharkiv under attack - infrastructure has been hit again in the city in north-east #Ukraine.#Russia struck the Osnovyansky District, a subsequent fire has broken out. Local channels report Iran's kamikaze drones may again be to blame.#RussiaIsATerroristState #SaveUkraine pic.twitter.com/WHphFYHAyk
— Tim White (@TWMCLtd) October 6, 2022
Зеленский қыс қатты болатынын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның қысқы маусымға дайындығы туралы кеңес өткізді. Кездесу нәтижелерін ол бейнеүндеу барысында айтты.
"Билік халықты қорғау үшін сценарийлер әзірлеп жатыр. Шынын айтқанда, қыс қиын болады. Бірақ одан өту үшін газ, көмір және қажет нәрсенің бәрін жинаймыз. Дайындалып жатырмыз", - деді ол.
Путин Запорожье АЭС-ын басып алу туралы жарлыққа қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясы жаулап алған аумақтарда орналасқан Запорожье атом электр станциясын экспроприациялау туралы жарлық шығарды. Ресей мемлекеті басшысының тиісті шешімі оның әкімшілігінің сайтында жарияланды.
Путин жарлығы арқылы "Запорожье АЭС" ФМУ мемлекеттік кәсіпорнын құрған, ал "Запорожье АЭС" АҚ кәсіпорны станция қызметін қамтамасыз етуі керек. Ресей үкіметіне, Путиннің жарлығына сәйкес, 2028 жылға дейін станцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаражат пен басқа да ресурстарды пайдалану ерекшеліктерін анықтау тапсырылды.
ЕО-ның үш елі Украинаға әскери көмек дайындады
Германия, Чехия және Италия Украинаға жаңа әскери көмек пакеттерін дайындады. Берлин Киевке Bergepanzer 2 атты екі бронь жөндеу-эвакуациялау көлігін бөлген.
Чехия Қорғаныс министрлігінің басшысы Яна Черникова республика билігі Украинаға ауыр қару-жарақ беруге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Италияда да Украинаны әскери қолдау туралы хабарланды. Сенатор Адольфо Урсоның сөзінше, Киевке техника мен жабдықты қамтитын бесінші көмек пакеті дайындалып жатыр.
НАТО бас хатшысы Украинаны қолдауды күшейтуге уәде берді
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенде Украинаны қолдауды күшейтуге уәде берді. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
Spoke with President @ZelenskyyUa and praised the brave Ukrainian people & forces for the impressive progress in regaining their territory from Russian aggressors. #Russia must stop the war it has started. #NATO will sustain & step up support for #Ukraine for as long as it takes.
— Jens Stoltenberg (@jensstoltenberg) October 5, 2022
"Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлестім, ресейлік агрессорлардан өз территориясын қалпына келтірудегі керемет жетістіктері үшін батыл Украина халқы мен күштерін атап өттім. Ресей бастаған соғысты тоқтатуы керек. НАТО Украинаны қолдауды қажет болғанша жалғастырады әрі күшейтеді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова