- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шыңғырады деген ұл...
"Шыңғырады деген ұл қазір шыңға шықты" - Журналист Дина Төлепберген Димаш Құдайберген туралы
Фото:
Instagram/@kudaibergenov.dimash
Танымал журналист Дина Төлепберген әнші Димаш Құдайберген туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Instagram желісінде бөлісті.
"Әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайберген күні кеше толғандырып тебірентер сөзімен жүректі қозғады. Мен Димашты 2011 жылдары "Саз әлемі" бағдарламасынан білемін. Кезінде мен де сарапшылар тізімінде болған едім. Алайда "шыңғырғандардан қорқамын" дегендер болып еді. Шыңғырады деген ұл - қазір шыңға шығып, шын талант екенін әлемге мойындатты. Расында да қазақтың маңдайына біткен марқасқа. Ата-әженің тәрбиесімен сусындап, өнерді өң бойынан сіңірген өнерпаз. Алға Димаш!" - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек