- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шындықты айтуы керек"....
"Шындықты айтуы керек". Асқар Ілиясов алғаш рет Айя Шалқармен қатынасы жайлы айтты
Актер Асқар Ілиясов алғаш рет Айя Шалқармен қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Revue news бағдарлмасына берген сұхбатында айтты.
Журналист актерден "Өзіңіз жақын адамымыңызбен арада түсінбеушілік болса, контактіге қалай барасыз?", "Ұрыс-керіс болған жағдайда, мұны қалай басу керек?" деп сұраған.
"Мен сөйлесемін. Мен оны үйреніп жүрмін. Осы диалогқа түсуге, ыңғайсыз тақырыптарды көтеруге үйреніп жүрмін. Біріншіден, қарама-қарсы тұрған адамды естуге тырысу керек. Ең бастысы - осы. "Осы менің жұбайымды өмірімді бір рет болсын естіп көрейінші" деу керек. Есту және айту өте маңызды. Шындықты айтуы керек", - деп жауап берді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін танымал актер Асқар Ілиясов алғаш рет Айя Шалқар сүйіктісі екенін растаған еді.
"Иә, біз жұппыз. Бірақ қалай танысып, махаббат хикаямыз қалай басталғанын айтпаймын", - деді ол НТК телеарнасындағы Revue news бағдарламасына берген сұхбатында.
Ал дизайнер және суретші Айя Шалқар Instagram-дағы сторисінде танымал актер Асқар Ілияспен бірге түскен суретін жариялаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан