- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шындық сусыны. ...
Шындық сусыны. Бұл сұрақты мінезін білгіңіз келген адамға қойыңыз
Жаңа адамдармен танысу қорқынышты және қызықты. Әсіресе, жан серігіңізді белсенді түрде іздеп жүрген болсаңыз. Сіздің алдыңызда кім тұр: мейірімді адам немесе тиран, қызғаншақ немесе нағыз періште? Алғашқы кездесуде адамды тану мүмкін емес. Бірақ ғалымдар бір сұрақ қою арқылы адамды тануға болады деп есептейді.
Ғалымдар қызықты зерттеу жүргізді. Олар тәжірибеге қатысқандарға бір сұрақ қойып, оның жауабы адамның болмысы мен мінезі туралы көп дерек беретінін анықтады. Бұл туралы doctorpiter жазды.
Бір ғана сұрақ
Әлі танымайтын адамнан жаңа дос, әріптес, бастық, әлеуетті серіктес, басқа біреу туралы не ойлайтынын сұрағыз.
Небраска университетінің зерттеуіне сәйкес, адамдар басқалардағ өздерінде бар қасиеттерді көреді. Сонымен, өзімшіл адам басқадағы өзімшілдік көріністеріне назар аударады, мейірімді және шынайы адам жұмсақтық пен достық сияқты қасиеттерді байқайды.
Ғалымдар экспериментке қатысушылар басқа адамдарды неғұрлым оң бағаласа, соғұрлым олар бақытты және тұрақты адам екенін білген. Өздерінен пікір сұралған адамдардың жағымсыз қасиеттерін ынтамен және ықыласпен тізбелегендердің өздерінде осындай қасиет бар болып шыққан.
Дұшпандықты ойлап жүретін адам басқаларды да дәл осылай көреді, нарциссист менмендікке назар аударады, тиран агрессивтілікті байқайды, тіпті олар мұндай мінез-құлықты өздері байқамайды.
"Әлемі қара түспен боялған адам өзгелерді де солай көреді. Осы үрдістің өзі адамның депрессияға немесе басқа да психологиялық бұзылуларға шалдығу ықтималдығының жоғары екенін көрсетеді", - дейді сарапшылар.
Т. Раушанұлы