"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов оқырманынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әншінің жазбаларының бірінде Нұрас есімді оқырманы хат жазған.
"Енді осы постың арқылы өз ойымды, пікірімді жаза кетейін, бірақ шындық әрқашан да ащы болады, сондықтан да осы жазғанымды өшірмейді және ел оқиды деп ойлаймын. Ал ендеше тыңдаңыз. Таразда 2017 жылы Астана Арланспен Қытай айдахарлары командасы арасында WSB тұжырымы бойынша бокстан жарыс болды, 5 салмақ дәрежесінде. Сол кезде сізбен адам сияқты амандасып, хал жағдай сұрасып танысқымыз келді, бірақ сіз ешкімді адам есебіне алмадыңыз, біреу сізбен амандық сұрасып жатса оның бетіне де қарамадыңыз, көкіректігіңіз соншалықты кернеп тұрды. Сол кезде Тараз аренада айтқан әніңіз есімізде, ол "Мен сені жақсы көрем" әні болды", - дейді оқырман.
Әншіге ашуланған оқырман сұрақты төтесінен қойды.
"Енді сізге сұрақ. Осы Қазақстандағы жұлдызсымақтар әлеуметтік желіде неге қарапайым, ақ көңіл, иман жүзді болып отырады? Бірақ шынында, олай емес қой ешқайсы. Оның ішіне сізді қоссам да артық болмас. Мысалы, МузАрт, Сәкен, Мейрамбек өзіміздің Тараздан, бірақ енді айта алмаймын олардың менмендігін және көкіректігін. Айтуларыңыз мүмкін, мен мың немесе миллион көрерменіммен амандасып, қал-жағдай сұрасып тұра алмаймын ғой деп. Енді біз киіну бөлмесінде санаулы ғана жаттықтырушы, тағы басқа адам болдық қой. Сол 10 шақты адаммен бір суретке түсе алмағаныңыз және сол кісілер қолын созғанда қолын алмай, амандаспай кеткеніңіз өте ызаландырады. Өзіңізде ауылдан шыққан қара домалақ жігітсіз, Ақсу жабағылының. Осы пікіріме қандай жауап қалдырар екенсіз?", - деді әншінің оқырманы.
Бағлан Әбдірайымов оқырманынан кешірім сұрады.
"Ойыңызды түсіндім. Жинақы жазғаныңызға ризамын. Кісі менсінбеу дегеннен сақтанайын. Барғаным есімде. Ол кезде не ойлап, не қойып жүргенім есім де жоқ. Өмір басқа. Инстаграм басқа. Пендешілік бар. Мың рет кешірім сұраймын!", - деді әнші.