"Шынайы оқиғаға негізделген". Диана Исмаил Төреғалимен түсірген бейнебаян туралы шындығын айтты

Танымал әнші, композитор Диана Исмаил Төреғали Төреәлімен бірге түсірген "Уәде қайда" бейнебаяны шынайы оқиғаға негізделгені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диана Исмаил бұл туралы "Late night show with Dinara Satzhan" бағдарламасында тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұқбатында баяндап берді. 

"Уәде қайда" әнінің бейнебаянында Төреғали Төреәлі Диана Исмаилмен әйелінің көзіне шөп салады, ал Төреғалидің әйелі Толқын олардың үстінен түседі. 

"Уәде қайда" бейнебаянындағы оқиға шынайы өмірден алынған. Мұндай оқиға шынымен болған екен негізі", - деп сыбырлады Диана Исмаил сұқбат барысында Динара Сәтжанға. 

Мұндай жаңалықты күтпеген Динара Сәтжанның абдырап қалып, "Сонда Төрештің басынан өткен оқиға ма?" деп сұрады. 

"Жо-жоқ, Төреште емес", - деп ақталды Диана Исмаил. 

"Енді кімде болған оқиға?" деген жүргізушінің сұрағына "Бұрында бір кісілерде болған дейді-мыс",- деп жауап берді жас әнші Диана Исмаил. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз