Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалған Геннадий Головкин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Қазақстанды жаңаша тұрғыда көрсету үлкен мәртебе екенін айтты.
"Маған Қазақстан ҰОК басшылығына ұсыныс түскенде, мен қазақ спортының дамуына өз үлесімді қосуға рұқсат беру шартымен өз кандидатурамды ұсынуға келістім. Өздеріңізге мәлім, мен саясаткер не шенеунік те емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланған адаммын", - дейді Головкин.
Головкин салаға деген жеке көзқарасы мен көп жылдық халықаралық тәжірибесі барын атап өтті.
"Құрам бар, ең бастысы - менің туған елімде бәрін жүзеге асыруға деген шынайы ниетім", - дейді ҰОК-нің жаңа басшысы.
Еске салайық, бүгін ҰОК Бас ассамблеясының отырысында көпшілік Геннадий Головкинді Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа президенті сайлады. Бұған дейін 2015 жылдан бастап ҰОК-ны кәсіпкер Тимур Құлыбаев басқарған болатын.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!