Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол туралы не белгілі?
1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
2001–2010 жылдары - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы.
2010–2011 жылдары - әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы.
2011–2012 жылдары - аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КМҚК, Қарағанды қаласы.
2012–2013 жылдары - жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
2013–2018 жылдары - бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
2018–2020 жылдары - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы.
2020–2023 жылдары - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.
2023–2025 жылдары - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!