Әлеуметтік желіде әйелді тоқтатып, "тоқтату себебін тауып беретінін" айтқан полиция қызметкерінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео TikTok-та тарады. Желіде тараған роликте полиция қызметкері әйелді тоқтатып, қызметтік көлікте сөйлесіп отырғанын көруге болады. Әйел адам екі баласының дене қызуы көтеріліп, көлікте отырғанын айтады.
Видеоны өшіріңіз, - дейді полиция қызметкері.
Өшірмеймін, сіз мені себепсіз тоқтатып отырсыз, - дейді көлікте отырған әйел.
Тауып беремін ғой (себеп - еск.), - дейді полицей.
@etope4alno #police #shymkent #dudoser #kazakhstan ♬ оригинальный звук - Это реально но это печально
Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің командирі Данияр Мейірхан бұл іске қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қызметтік тексеру басталған.
"Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қызметтік тексеру басталды, бірақ қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазды. Мұндай тұлғаларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полк қатарындағы тазарту жұмыстары жалғасатынын атап өткім келеді", - дейді Данияр Мейірхан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!