- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттің қақ ортасында...
Шымкенттің қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото:
polisia.kz
Шымкентте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға бүгін сағат 9.35 шамасында Төлеметов көшесі бойында болған. Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина