Шымкенттің гүл дүкеніндегі оқиға: экс-полицейдің жанында болған шенеунік қызметінен кетті

Шымкенттің гүл дүкеніндегі оқиға: экс-полицейдің жанында болған шенеунік қызметінен кетті
Фото: видео кадры

Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жанжалға қатысты екінші адам қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін видеодағы екінші адам Шымкенттегі Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екені, ол қатаң сөгіс алғаны хабарланған болатын. 

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен. Ол қатаң сөгіс алған еді

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина