Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазына" құрылымында қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған "Түркістан БГҚ" компаниясының әлеуметтік желілердегі парақшасында Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары туралы ақпарат жарияланды.
Компания кеңсесіне басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов және басқарма төрағасының активтерді басқару және цифрландыру жөніндегі орынбасары Аман Асанов барған.
"Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі бұл жағдайға пікір білдірген.
"2025 жылы 29 желтоқсанда Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2019 жылы маусымда ол Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!