- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттің екі тұрғыны...
Шымкенттің екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасап жатқан сәтте ұсталды
Қала прокуратурасының үйлестіруімен 2024 жылғы 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкенттің екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасау сәтінде ұсталып құрықталды.
Тінту кезінде 60 келіден астам психотроптық заттар, 2,5 тонна прекурсорлар және синтетикалық есірткіні жасауға арналған құрал жабдықтар тәркіленді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуілге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан