Шымкентте Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталды. Оның орнына уақытша міндетін атқарушы келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, құқық қорғау органдары тарапынан Шымкенттің Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовке қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты 15 тамыздан бастап оның міндетін уақытша атқару осы басқарма басшысының орынбасары Дәурен Мұқановқа жүктелген.
Ол биылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкенттің Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Арман Әбдешов ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешов ұсталғанын растады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова