Шымкентттік тұрғынның сөмкесі мен пәтерінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 30 жастағы тұрғынды қылмыс үстінде ұстады. Ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан-қолға сатқан. Есірткі таратушы жұмысын ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген. Полицейлер оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады.
Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдыс табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!