- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттік тұрғын жалған...
Шымкенттік тұрғын жалған АҚШ долларын сатпақ болған
Фото:
elements.envato.com
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.
Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина