- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мал қалдығы
Шымкенттік тұрғын ауыл маңына бір тонна мал қалдықтарын тастаған
Ауыл маңына бір тонна сойылған мал қалдықтарын тастаған шымкенттік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқықбұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардан WhatsApp-тағы ортақ чат арқылы білген.
Іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келді, алайда бұнысымен заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адам өзі жинады. Айта өтсек, мегаполисте учаскелік инспекторлар азаматтармен тығыз сенімді кері байланыс орнату және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мессенджердегі чаттарда өз аумақтарының тұрғындарымен тығыз байланыста.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина