- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттік түлек әлемнің...
Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды
Шымкенттік оқушы Сунатулла Октамов бүгінде әлемнің 40 университетінен шақырту алған. Оның білім деңгейі мен қабілет-қарымын Америка, Канада, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдыңғы қатарлы оқу ордалары жоғары бағалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Сунатулланың таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті. Сунатулла білім сынақтарынан бөлек өзінің жан-жақтылығын да дәлелдей алған. Ағылшын тілінде әлеуметтік жобалар мен волонтерлік клуб құру туралы бастамасын сәтті қорғады. Сондай-ақ, мамандығы бойынша "Бизнес басқару" саласында халықарылық болжамдар да жасаған.
"1 жыл дайындалғанның ішінде маған профориентолог мамандар көмектесті. Оған қоса мұғалімдер көмектесті. Мен жүзден аса университетке тапсырдым. Соның ішінде мені 40 университет шақырды. Малайзияда 4-5 жыл оқимын. Сосын елге қайтып, бизнес жағынан елді дамыту ойымда бар", - дейді ол.
Биыл мектепті тәмамдаған қызылордалық Асылжан Абдуллаевқа да 3 бірдей белді университеттен шақырту түскен. Оған себеп жас өрен халықаралық цифрлық форумында жасанды интеллектті алғаш рет қазақша сөйлетті. 300 мың сөздік қоры мен 140 миллиард ақпарат сиятын үздік платформа жасақтауға инвестиция тартты. Енді Асылжан су тасқынына тойтарыс беретін тың жобаны жетілдіріп жатыр.
"Кішкентай метеостанциялар судың деңгейін анықтай отыра, су тасқынының алдын алып және де белгі береді. Хакатон жарысында жобасын жасаған болатынбыз. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында прототиптер тұр", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова