Шымкенттік скрипкашы театрдың терезесінен секіріп кеткісі келді

Шымкенттік скрипкашы театрдың терезесінен секіріп кеткісі келді
Фото: tn.kz

Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында қайғылы оқиға бола жаздады. Скрипкашы ғимараттың терезесіне шығып алып, әріптестерінің көзінше секіріп кетпекші болды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.


© tvk-uko.kz

Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену бойынша хабарлама кезекші бөліміне 10 қыркүйек күні кешке түсті. Театрға жедел жәрдем, құтқарушылар мен полиция жол тартты. Театр қызметкерлері абдырап, үйлеріне қайтпады, оқиға болған жерге полиция келді.


Театр қызметкерлері. © tvk-uko.kz

Құтқарушылар мен полицейлер. © tvk-uko.kz


© tvk-uko.kz

Құтқарушылар отрядының психологы Клара Үсенова басты жауапкершілікті мойнына алды. Ол скрипкашыны соңғы қадамды жасаудан құтқарып қалуға тырысты. "Мен келгенде ол терезеге шығып алып отыр екен. Ол басында қатты ашуланып: "Маған психолог керек емес, маған ештеңе қажет емес" деді. Кейін мен оны жұбаттым", - деп еске алды маман. Психологпен тілдескеннен кейін скрипкашы өзіне қол салу туралы ойынан қайтты.


Психолог Клара Үсенова. © tvk-uko.kz

Театр жетекшілерінің айтуы бойынша, оны мұндай әрекетке басшылықпен болған жанжал итермелеген.


© tvk-uko.kz

М. Бисембаева