Шымкентте Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы 2-топ мүгедегінен пара алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жұмыстан босатылған департамент басшысы мүгедектік мерзімін ұзартып бермек болған.
Пара сомасы – 10 мың теңге.
Бұрынғы қызметкер сот үкімімен 250 мың теңге айыппұл арқалап, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!