- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттік оқушы қыз...
Шымкенттік оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады: ол сабақта өзін жайсыз сезінген
Шымкенттік оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға бүгін, 6 ақпанда "Низамхан" атындағы жекеменшік мектепте болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқушы қыздың 8-сыныпта білім алып жүргені белгілі болды. Ол алғашқы сабақта өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішкен. Ол жансақтау бөліміне түскен, ал түске қарай қаралы хабар жеткен.
"Бала өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанынан бейхабар едік. Сосын ол бізге жүректің 40 шақты таблеткасын ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз ренжулі болған жоқ, сыныптастарымен әңгімелесті. Олар түгел дерлік сыныбымен 79-мектептен ауысып келді. Мектепте қандай да бір буллинг болды деп айта алмаймын", - дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Директордың айтуынша, ол бірінші рет өзіне қол жұмсап отырған жоқ екен. Психологтар қызбен қарашадан бері қызбен жұмыс істеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан