Шымкент тұрғыны өз ауласында қарасораның ірі партиясын өсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал үйіне жалғана салынған кіші ғимаратта ер адам қапшықпен марихуана сақтаған. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіру жайтын қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықтады.
47 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің артқы ауласынан тәртіп сақшылары 71 түп қарасора тауып, тәркіледі. Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіргені және есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін ер адамға қатысты тергеу басталды.
Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмейтіні туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қудаланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!