- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттік "ең адал"...
Шымкенттік "ең адал" полицей ұсталды
Шымкент патрульдік полк қызметінің рота командирі Азамат Айымбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, Айымбетов 21 наурызда ұсталған. Оны қалалық ІІБ ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, жергілікті тұрғындардан бопсалау туралы арыз түскен. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі күдікті Азамат Айымбетовке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғанын хабарлады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - деп атап өтті сот өкілдері.
Айта кетейік, Азамат Айымбетов бұған дейін видеоүндеу жасап, қызу талқыға түскен болатын. Полицейдің сөзінше, басшылық оны қымбат заттар сатып алуға міндеттеген. Артынша басшылық қызметтегі адам ұсталған. Антикор бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина