- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттік дәрігерлер бір...
Шымкенттік дәрігерлер бір келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды
28 шілдеде Шымкенттегі №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 27 апталық бала дүниеге келді. Сәбидің салмағы бар-жоғы 970 грамм, ал жағдайы ауыр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туабіткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.
"Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық", - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.
"Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ", - дейді дәрігерлер. Ал баланың салмағы 1 512 грамға жеткен. Бала өздігінен дем алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан