Желіде шымкенттік блогер Айгүл Орынбек ұсталды деген хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Telegram-каналдардың бірі таратқан жазбада блогерге бірнеше бап бойынша айып тағылғаны және оны полиция ұстағаны туралы айтылған.
Шымкент полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.
"Айгүл Орынбекті Шымкент қаласының полиция департаменті ұстамағанын хабарлаймыз", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз