Шымкенттік әйел көршілердің чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды

Шымкенттік әйел көршілердің чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды
Фото: depositphotos.com

Шымкенттік әйел көршілердің чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында қала тұрғынының азаматтық ісі қаралған. Ол арызында WhatsApp-тағы ортақ чатта өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазылғанын көрсеткен.
 
Басылым мәліметінше, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген, соған сәйкес талап қоюшы өзінің талабынан бас тартқан. Ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 000 теңгеден төлеуге міндеттелген.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget