Шымкенттегі зообақта бұғы төлдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұғы төлдері бірнеше күннің ішінде аяқтарын нық басып, қоршау аумағына бейімделіп кетті. Бұғылар төлдеріне аса жауапкершілікпен қарайды және қасынан ұзаққа жібермейді. 3-5 ай аралығында бұғы төлдері анасының сүтін қорек етеді", - делінген хабарламада.
Зоосаябақ мәліметінше, қазіргі уақытта бұғы төлдері аман-есен. Күнделікті қоршау ішінде жүгіріп, анасының қасынан қалмай жүреді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!