Шымкенттегі түнгі клубтан тыйым салынған зат сақталған тұтас қойма табылды

Шымкенттегі түнгі клубтан тыйым салынған зат сақталған тұтас қойма табылды
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі азот тотығының заңсыз айналымына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнім жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.

"Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған затпен толтырылған. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертті. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған.

Айта кетейік, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget