- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттегі сұмдық: еріктілер...
Шымкенттегі сұмдық: еріктілер жануарлардың өлексесіне қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты
Шымкентте қаңғыбас жануарлар ауланатын орында тұрғындар қорқынышты кадрларды суретке түсіріп алған. Онда бірнеше мысықтың өлекселері жерде жатқаны көрінеді. Кейбір жануарлар бөліктерге бөлінген. Зооқорғаушылардың сөзінше, жануарлар жүрген жерде тамақ түгіл, су да жоқ. Төртаяқты жануарлар көбіне аштан және шөлдеп өліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
"Вторая жизнь" баспанасының еріктісі Эмилия Ускенованың сөзінше, жануарларға екі күн су берілмеген.
"Шөлдегеннен 39 марғау, 1 мысық пен 4 күшік өліп қалған. Өліп қалған үлкен иттерді санамадық. Инфекция болуы мүмкін, олар қатты ауырған. Қызметкерлердің кесірінен антисанитария болып, жануарларға жағдай жасалмаған", - дейді ерікті.
Басылым тілшілері мен еріктілеріне жануарлар баспанасына кіруге рұқсат берілмеген. Белсенділердің сөзінше, ол таңертеңнен бері жануарларға тамақ беру үшін сыртта жүр. Ал баспана басшылығының сөзінше, мекеме 10 күндік карантинге жабылған. Олардың сөзінше, жануарлар инфекция жұқтырып алған.
"Бізді кіргізбей қойған кезде терезеден иттерді көрдік. Одан әрі аз ғана көрінді. Иттің өлексесін көрдік. Оны әрі қарай апаруын сұрадық. Өтіп бара жатқанымызда сол итті көрдік. Өліп қалған шығар деп ойладық, бірақ ол қозғалып, басын көтерді", - дейді Эмилия Ускенова.
Бір сағаттан кейін оқиға орнына Шымкенттің бас санитар дәрігері келді. Әбунасыр Жанбатыровтың сөзінше, жұмбақ инфекцияның кесірінен мекемеге кіруге болмайды. Бас санитар дәрігер жануарлардың өлексесіне қатысты сұраққа жауап бере алмаған. Бірақ, оның сөзінше, мекеменің дәрігері мен үш қызметкері жұмыстан қуылған.
Еске салайық, Шымкенттегі бұл сұмдық жайт туралы 17 маусымда белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина