- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттегі сауда үйіндегі...
Шымкенттегі сауда үйіндегі өрт: өрт сөндірушілер 6 баллонды шығарды
Шымкенттің өрт сөндірушілері өрт кезінде 6 баллонды шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, диспетчерлік қызметтің "101" пультіне 17 шілдеде сағат 15:24-те әл-Фараби ауданы Төлеби көшесінде өрт туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнында 150 шаршы метр алаңда екіқабатты "Темірлан" тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 шаршы метр алаңда жапсарла соғылған қойма жанған. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метр болған.
Өрт сөндірушілер 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
"Өртті сөндіруге Шымкент төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 120 адамы мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызметтер және 6 бірлік техника су тасымалдауды қамтамасыз етті. Психологиялық қызмет тобының психолог мамандары халыққа көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Өрт сағат 16:45-те оқшауланды, сағат 17:38-де жойылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері белгіленеді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі сауда үйінде өрт шыққанын, тұрғындар жарылған дыбыстарды естігенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан