Шымкентте пәтерлердің бірінен 78 жастағы қария өлі табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында тағы үш адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген.
Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Қабылдау бөліміне үш 3 науқас жеткізілді. Кейуана және екі немересі. Әйелдің жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Жағдайы жақсы болуына байланысты немересі мен екеуін үйіне шығардық", - деді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз