Шымкентте полиция күдіктіні ұстау кезінде оқ атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті жәбірленушіге өзара келіспеушілікке байланысты пышақ жарақаттарын салған. Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды", - деді полиция.
Бұл оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
"Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қаруы бар күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті медициналық мекемеге жеткізілген, ол полицияның күзетінде.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!