Шымкенттің индустриялық аймағында бірнеше сағатқа созылған күкірттен тұтанған өрттен кейін ауруханаға түскен екі науқастың қазіргі жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлады.
Ведомство мәліметінше. "Ордабасы" индустриялық аймағындағы төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем қызметі, сонымен қатар, эвакуациялық орталықтарда дәрігерлер жүйелі жұмыс істеген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ауыр халге түскен науқастар тіркелмеді.
"Оқыс оқиға болған аумақта 10 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Тұрғындар эвакуацияланған орындарда емхана дәрігерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды. Төтенше жағдай барысында барлық аурухана және емханалар штаттық режимде жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Оқыс жағдай салдарынан ауруханаға түскен екі науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында, жағдай тұрақты. Алаңдауға негіз жоқ.
Еске салайық, 28 шілдеде Шымкенттің индустриялық аймағында күкірт тұтанып, өрт шыққан болатын. Бірнеше сағатқа созылған қызыл жалынды өртсөндірушілер сөндірді.
Келген өртсөндірушілер химиялық заттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылар 400-ге жуық адамды эвакуациялады, оның ішінде "Шаңырақ" шағынауданында тұратын 200 бала. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіру күкірттің тотығуының химиялық реакциясынан қиындағанын хабарлады. Алдын ала өрт аумағы 1200 шаршы метр болды.
Өрт орнында 300 адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмыс істеді. Түнде Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілер өртті анықтағанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!