Шымкентте автобус қағып қайтыс болған 5 отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Shymkent Bus" БК тарапынан жаяу жүргіншілер жолында қаза тапқан 4 азаматтың отбасына 12 млн.тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілмек. Сондай-ақ, бес баланың анасы болған Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тумасы Егизбаева Азизаның отбасы баспанамен қамтылады”, - дейді Шымкент қаласындағы "Shymkent Bus" компаниясының баспасөз хатшысы.
Әзірге өтемақының құжаттары рәсімделіп жатыр. Еске салайық, 8-сәуір күні Шымкентте бос автобус жүріп кетіп, 6 адамды қағып кеткен еді. Оқиға орнында 3 адам, ауруханада 2 адам қайтыс болды. Олардың ең үлкені 43 жастағы жалғызбасты 5 баланың анасы. Ең кішкентайы 14 жастағы 9-сынып оқушысы.
Ажал құшқан ересектердің бәрі отбасыларының асыраушысы болған. Ал, қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз адам бүгін ауруханадан үйіне шықты. 18 жастағы бойжеткен де 6 бауыры мен анасының жалғыз асыраушысы. Анасының айтуынша, әзірге жауаптылардан ешқандай көмек келмеген. Және ем-домға да біршама қаржы керектігін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!