- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттегі жол апаты:...
Шымкенттегі жол апаты: автобус жүргізушісі қамалды
Шымкенттегі жантүршігерлік жол апатына себеп болған автобустың жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Автобус жүргізушісі қамауда. Шымкент әкімдігіне Шымкент бас фирмасының жолаушылар тасымалдау лецензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды", - деді Шымкент полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Нұрдәулет Сүйеулетов.
Айта кетейік, 50 жастағы жүргізушісі 24 жылдан бері көлік жүргізіп келе жатыр екен.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан 6 адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Кейін оқиға орнынан видео тарады. Кейін жүргізушінің қол тежегішін баспағаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан