Шымкенттегі Дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Департамент А.Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!