Шымкентте екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиғаның алдын ала себебі белгілі болды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, балалар газдың иісінен уланып қайтыс болған. Қайғылы оқиға қаланың қақ ортасындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде болған.
Пәтерден төрт жасар ұл бала мен 15 жастағы жасөспірімнің сүйегі табылған.
"Тағы бір әйел мен бала ауруханаға жеткізілген. Әйелдің жағдайы жақсы. Ал үш жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазылған арна мәліметінде.
Полиция департаменті екі баланың өліміне қатысты тергеу (абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету белгілері бойынша) жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз