Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір қалада Виола Сурвилова мен Анастасия Касьяненко іздестіріліп жатыр. Олар 15 және 14 жаста.
Полицияның мәліметінше, қыздар кеше, 16 ақпанда кешке Бархатная көшесіндегі балалар үйінен шыққан.
Іздеу жұмыстарына волонтерлер тартылған.
Оларды көргендер немесе білетіндер 102 немесе 8 777 679 18 24 нөміріне хабарласа алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!