- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттегі автобустарда наурыздан...
Шымкенттегі автобустарда наурыздан бастап кондуктор жүрмейді
Фото:
pixabay.com
2023 жылғы наурыздан бастап Шымкенттегі автобустарда кондукторсыз жүйе енгізіледі. Қала тұрғындары жол ақысын валидаторлар, SMS және QR-код арқылы төлей алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жүргізушіден чек талап етіңіз және оны сапар аяқталғанға дейін сақтаңыз. Көлік картасымен, SMS немесе QR-код арқылы төлесеңіз, жол ақысы - 70 теңге, ал қолма-қол - 100 теңге".
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабының 2-тармағына бойынша қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал автобустарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан