Шымкенттегі аттракциондар саябағында алапат өрт шықты

Шымкентте аттракциондар саябағындағы алапат өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында төбе астында орналасқан ойын автоматтарында өрт шығып, екі қабатты мейрамхананың шатыры мен екі кеңсе бөлмеге тараған.  

"Өртсөндірушілер жалпы ауданы 230 шаршы метрді шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!