Шымкентте зейнеткер ұрлық жасаған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, телефонын орнынан таппаған азық-түлік дүкені қызметкері болған оқиға туралы полицияға хабарлаған. Сатушы ұрланған телефон тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңге болады. Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бір сағат ішінде смартфонды ұрлаған адамды анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
"Телефонға көзі түскен қарт сөрелерден тауар іздеп жүргендей кейіп танытқан. Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, сауда нүктесінен шығып кетуге асыққан. Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді", - делінген ведомство хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!