Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 қаңтарда Шымкент Полиция департаменті жедел іс-шаралар нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған адамдарды ұстады. Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытына байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар мегаполис тұрғындарымен сөз байласқан.
"Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше база аумағында сақтау және сату дерегі анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады. Тінту кезінде ірі көлемде ақша, 17 тоннадан аса жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ, бірнеше көлік цистернасы тәркіленді. Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова