- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте заңсыз иемделген...
Шымкентте заңсыз иемделген мүлік пен акциялар мемлекетке қайтарылды
Шымкентте заңсыз иемделген мүлік пен акциялар мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының прокуратурасымен биыл I-жартыжылдықта экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды.
Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.
Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина