- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте заңсыз беріліп...
Шымкентте заңсыз беріліп кеткен саябақ мемлекетке қайтарылатын болды
Заңсыз беріліп кеткен "Кең-баба" саябағы мемлекетке қайтарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жайлы Facebook-парақшасында депутат Бақытжан Базарбек хабарлады.
Депутаттың сөзінше, Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы № 1391 қаулысымен саябақ астындағы ауданы 2,641 га жер учаскесі 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген. Кейін Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы № 108 қаулысымен аталған жер учаскесі жеке меншікке берілген (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: #19-309-010-1042).
"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының көшпелі отырысының нәтижесі бойынша заңсыз иеліктен шығарылған "Кең-баба" саябағын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған.
"Жақын арада Мұрат Баритұлы Теміржановтың атына Шымкент қаласы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулыларының күшін жою туралы сот ісін жүргізе отырып, тексеру іс-шараларын бастау туралы өтініш жолдайтын боламын", – деді депутат Базарбек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина