- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте із-түзсіз жоғалып...
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның "102" арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласқан. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.
Әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.
Өз бетінше іздеуге кеткен уақыт пен баланың өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатердің барлығы ескерілді. Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды.
Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан