- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте із-түзсіз жоғалған...
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік дендропарктен өлі табылды
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік дендропарктен өлі табылды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz сайты.
Александр Кирьяновтың мәйіті 31 мамырда дендропарк аумағынан табылған, бірақ тек 23 маусымда жеке басы анықталған. Бұл туралы марқұмның Шымкентте тұратын туысы Владислав Андреев мәлімдеді. Өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғаны белгісіз. 1 маусымда Кирьянов Шымкенттен Мәскеуге ұшуы керек еді. Алайда әуежайдан оны күтіп алмақ болған туыстары оны таба алмады. Өздері соңғы рет 30 мамырда телефон арқылы байланысқандарын айтады.
Г. Досымшалова"Ол Шымкентке денсаулығына байланысты сәуірде келді. Оған бұл жердің ауа райы жағатынын айтқан. Сол үшін келді. Алғашында қонақүйде тұрып, кейін пәтер жалдап, 3 айға алдын ала төлеген. Бірақ мамырда жаңбыр жауып, күн суытқандықтан оның денсаулығы нашарлады. Сондықтан үйіне қайтуға шешім қабылдады. 1 маусымда Мәскеуге ұшуы керек еді. Бірақ 31 мамырда ол үйден шығып, қайтып аралмаған. Ұялы телефонын, заттарын, құжаттарын пәтерде қалдырған", - дейді марқұмның туысы Владислав Андреев.